• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2020

COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өтіп жатыр

205 рет
көрсетілді

COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Ұлттық биотехнология орталығы

6 күн ішінде SARS-CoV-2 короновирусының «тірі» штаммынсыз ДНК-ның жасанды синтезі арқылы сенімді ПТР тест-жүйесін әзірледі. Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша Орталық короновирустық инфекцияны анықтайтын 11 мың ПТР тест-жүйесін әзірледі.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ

3 платформада короновирустық инфекцияға қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеуде. 2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы басталды. 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. 2020 жылғы маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығы, хорькалар мен алтын сириялық хомяктардың иммуногендігі зерттеледі. 2020 жылғы шілде-тамызда – басым зерттеулер жүргізіледі. 2020 жылғы қыркүйекте - клиникалық зерттеулерге шығу жоспарлануда.