• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2020

Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді

873 рет
көрсетілді

Индустрияландыру жылдары еліміз тау-кен машиналарын жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Өндіріс 1,7 есе, экспорт 1,8 есеге дейін өсті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Толық айналмалы машиналар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары, шахта вагоншалары, ұсақтау жабдығы сияқты өнім түрлері игерілді, сондай-ақ тау-кен өндіру бағытындағы машиналар мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер өндірісі жолға қойылды ("Мэйкер" ЖШС).

Тау-кен машиналарын жасауда 2020 жылдың 5 айында 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тау-кен машиналарын жасаудың негізгі кәсіпорындары − Алматы ауыр машина жасау зауыты, Қарағанды құю-механикалық зауыты, Қазцинкмаш, Құрылысмет, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, КазКарбон.

Еліміз бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізген алғашқы кәсіпорындардың бірі − Қарағанды қаласындағы "Мэйкер" ЖШС.