"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын пәтерлерге орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Ол әскери бөлімдерді, мекемелер мен әскери оқу орындарын орналастыру нормаларын тәртіпке келтіруге, оларды Қарулы Күштердің жеке құрамы үшін әлеуметтік-тұрмыстық талаптарға сәйкес келтіруге, техника мен жабдықтарды сақтау жөніндегі арнайы талаптарды орындауға мүмкіндік береді. Арнайы бөлімдерді (жауынгерлік кезекшілік атқаратын бөлімшелерді және т.б.) орналастыруға арналған үй-жайларды орналастыру нормалары мен тізбесі қызмет ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Толық мәтінмен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады.