• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2020

Еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

246 рет
көрсетілді

Қазгидромет алдағы үш күнге, 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, - деп жазады Egemen.kz.

Суық атмсофералық фронттың өтуімен Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр және ауа температурасының түнде 5…10, күндіз 22…27 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталғанымен, жекелеген аудандарда найзағаймен өткінші жаңбырдың болуы да ықтимал.