• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2020

Ресей Балқаштағы РЛС-ті қолданудан бас тартты

725 рет
көрсетілді

Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Балқаш радиоларын ракеталық шабуылдың ескерту жүйесіндегі қолдану туралы келісімін денонсациялау туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2014 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған "Ресейлік зымырандық шабуыл туралы ескерту жүйесінде Қазақстан Республикасының Балқаш торабын өткізу және одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімді күшін жою туралы ұсыныс мақұлдансын", делінген аталған құжатта.

  Балқаштың қазақстандық торабына Ресейдің зымырандық шабуылдары туралы ескерту және ғарыштық бақылау жүйелері ретінде қолданылатын Днепр радиолокациялық стансасы да кіреді. Бүгінгі күні Ресей Қазақстанда стансаны алмастырған Орск қаласының маңындағы Воронеж-М жаңа радиолокациялық стансаны пайдалануға берді.