• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2020

Коронавируспен күрес: 343 адам "Халық алғысы" медалімен марапатталды

214 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Біз Біргеміз" онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және пандемия мен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша түрлі саланың 343 маманы марапатталады. Олардың арасында 60 дәрігер, 39 полицей, 30 әскери қызметші, 41 волонтер, 34 меценат, 38 мәдениет және білім өкілдері, 25 БАҚ қызметкері бар. Марапатты ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Алексей Цой, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігің төрағасы Анар Жайылғанова табыстады.

"Осы сахнада өзімнің еңбек жолымды еске алдым. Кардиохирургиядағы 15 жылда қуанышты және қайғылы сәттер болды. Бірақ, дәл бүгінгідей қатерлі пандемия салдарын көрмедік. Бұл коронавирустың ерекшелігі – балаларымыз бен ата-аналарымызға зақым келтіріп жатыр. Бүгін таңертең өз әріптесіме жансақтау жүйесін орнаттым. Бұл өте қорқынышты. Біздің үнемі жұмыста болып, отбасымыздан жырақта жүргеніміз үшін емес, вирустың шекараға бағынбайтыны қорқынышты. Бақытымызға орай, науқастардың көрер жарығы бар немесе үмітсіз деп бөліп жатқан жоқпыз. Барлығын бірдей емдеуге тырысудамыз", деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бөлімшесінің басшысы Тимур Лесбеков марапаттау рәсімінде.