• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2020

Трамп Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді

372 рет
көрсетілді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеделхатында мемлекетті саяси жаңғырту бастамасындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақ үй басшысы Президент Қ.Тоқаевты ел президенті болып сайланған бір жылдық мерейтойымен құттықтады. Америкалық көшбасшы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы және екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

"Сіздің саяси жаңаруға бағытталған салиқалы реформаларыңыз мақтауға тұрарлық. АҚШ халқы да Сіздің мемлекет сенімін арттыру жолындағы өркендеуге деген нақты қадамдарыңызды және серпінді қоғамның негізі болып табылатын мақсаттарыңызды қолдайды. Кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің бір бөлігі ретінде Сіздермен осы бастамалар бойынша ынтымақтасуға дайынбыз", дейді Трамп өзінің жеделхатында.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Америка халқы атынан Президент Қ.Тоқаевқа алдағы кезеңде Қазақстанда бейбітшілікті нығайтуға, өркендеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға сәттілік тіледі.

"Сондай-ақ сіздердің COVID-19 таралып кетуін болдырмау жөніндегі батыл іс-әрекеттеріңізді атап өткім келеді. Біз пандемиядан және одан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруге бағытталған бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз", делінген жеделхатта.

Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстан басшысына мықты денсаулық, жұмысына толағай табыс тіледі.