• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

БҚО-да уақытша шектеулер енгізілді

163 рет
көрсетілді

 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыс аумағында 2020 жылдың демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін қосымша уақытша шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруын шектеу:- жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік);- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылады.

Келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, базарлар, сауда желілері, оның "үй жанындағы дүкендер" форматындағы филиалдарын қоспағанда;- фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;- саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және өзге де демалыс орындары;- қоғамдық көлік жұмысы;

Қоғамдық тамақтандыру нысандарынан тек 30-дан аспайтын отыратын орны бар (әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып), сондай-ақ шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу қойылды.