• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Маусым, 2020

Симптомы барлар ғана тест тапсыруы керек - ҰСО

453 рет
көрсетілді

Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты – орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

"Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес. Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтатуға шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек", деді Талғат Тұңғышбаев.

Инвиво, Олимп сияқты зертханалар сыйымдылығын арттырды. Олар бұрынғы режимде, жеке тұлғалар үшін де жұмыс жасауда. Сонымен қатар симптомдары бар адамдарға бағытталған ПТР тестілеудің мобильді орталықтары іске қосылды.