Шетелдік интернет-компанияларға салық төлеуді міндеттеу жайында ұсыныс берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында Қазақстан азаматтарына қызмет көрсететін шетелдік интернет-компанияларға құн салығын салуға мүмкіндік беретін нормалар ұсынылды.
"Google салығын төлеушілер тек шетелдік интернет-компанияларға қатысты. Заңды және жеке тұлғалар бұл нормаға кірмейді", - деді Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев палатаның пленарлық отырысында.
Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталған норма шетелдік интернет-компанияларға ғана қатысты болатынын атап өтті.
"Бұл норма қазақстандық салық төлеушілерге қолданылмайды. Норма интернет-компаниялардың есепке тұрып, ҚҚС төлеуіне ықпал етеді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Шетелдік интернет-компаниялар осы қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС төлеуге дайын, бірақ бізде мұндай норма жоқ болды. Енді заң жобасы аясында мұндай норма ұсынылады. Бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы бойынша, қызмет көрсету көлемі үлкен емес болғандықтан, ҚҚС екі миллиард теңге көлемінде бағаланады. Егер көрсетілетін қызмет көлемі өсетін болса, тиісінше салық көлемі де ұлғаяды. Біз оны бақылайтын боламыз", - деді Дәленов.