• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Маусым, 2020

Елімізде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді

437 рет
көрсетілді

Қазгидромет 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінің аймағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбырды күшейтеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысып, онымен ауа температурасының республиканың солтүстік бөлігінде түнде 2-7 дейін, кей жерлерде 10 жылы, күндіз 12-17 дейін, кей жерлерде 20 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, бұршақтың түсуі күтіледі.