• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Маусым, 2020

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі облыс әкімінің орынбасары болды

768 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, іскерлік әкімшілік магистрі Айдар Нұралиев тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тағайындалды. 

Нұралиев Айдар Аллабергенұлы 1986 жылы туған,білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасымен Лондонның Университет колледжін, Женева бизнес мектебін "халықаралық құқық", "құқықтану", "жобаны және корпоративтік басқару" мамандықтары бойынша тәмамдаған. Ағылшын тілін еркін меңгерген, іскерлік әкімшілік магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Айдар Нұралиев әр жылдары Батыс Қазақстан облысыаппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бақылау жөніндегі жетекші маманы, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық қатынастар департаменті Рейтингтік агенттіктермен және халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасының сарапшысы, ​Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, Батыс Қазақстан облысы әкіміаппараты басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директорының орынбасары, Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бастап Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министрлігі стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры лауазымында болған.

Ол Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде қаржы,экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Бұл қызметте осы кезге дейін болған Бибігүл Қонысбаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

 

Батыс Қазақстан