• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2020

Маңғыстау облысының полицейлері иесіз арыстанды ұстап алды

3803 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы 5:30-да Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының маңында полицейлер бостандықта жүрген арыстанды ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция департаменті мен Маңғыстау облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жыртқыш аңды аулауда барынша күш салған. Қазіргі таңда мамандар арыстанды "Қошқар ата" аймағында бақылауда ұстап отыр.

Оның жасы шамамен бір-бір жарымда, - дейді мамандар. Түбі Африка құрлығынан секілді. Сондай-ақ оның адамдардан қорықпайтыны байқалған. 

Лео СИТЕС конвенциясында (жойылып бара жатқан жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) көрсетілген. Сондықтан қазір арыстанның нақты иесі кім екендігі анықталып, құжаттарды тексергеннен кейін тағдыры шешілмек.