• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Маусым, 2020

"Шұбаркөл көмір" АҚ-ның 130 қызметкері COVID-19 жұқтырған

299 рет
көрсетілді

Соның ішінде 22 маман – кеңсе қызметкері және өнеркәсіптік алаңда вахталық әдіспен жұмыс істейтін – 108 адам бар, - деп хабарлады бұл жайында акционерлік қоғамның корпоративтік коммуникациялар қызметі.

Қызметкерлердің короновирус инфекциясын жұқтырғаны өнеркәсіптік алаңға шығар алдында өткізілген ПЦР-тестілеуде анықталды. Кенішке аттанатын барлық қызметкерлер алдын ала оқшауланып, қонақ үйде тұрған, сол жерде олардан сынама алынған болатын.

"Шұбаркөл көмір" АҚ қызметкерлері арасында вахтаға барар алдында ПЦР-тестілеу өткізгеннің арқасында аурудың кеніште жаппай таралуына жол берілмеді. 

Бүгінде "Шұбаркөл көмір" АҚ штаттық режимде істеп тұр. Өндірістік процес қандай да бір өзгеріссіз, короновирус инфекциясын алдын алу нұсқауларын мұқият сақтай отырып, іске асырылады. Барлық ғимараттар мен көліктерде санитарлық тазарту және зарарсыздандыру жүргізіледі, маска режимі сақталады. 

"Шұбаркөл көмір" АҚ мен ERG өнім тұтынушыларының алдындағы барлық міндеттемелерін алдағы уақытта да толық көлемде орындау үшін қолынан келгенін жасайды.

Барлық қазақстандықтарды жеке қорғану ережелерін мұқият сақтауға шақырамыз: маска кию, антисептикті қолдану, қоғамдық жерлерге қажетсіз бармау, барған жағдайда қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар, делінген хабарламада