25 маусым күні ҰБТ 67 өткізу пунктінде болып өтті. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.Тестілеуге кіргізу барысында 1 түлекте жоғары температура анықталды, ол ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.