• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Маусым, 2020

Біртанов қызметінен кету себебін айтты

855 рет
көрсетілді

Елжан Біртанов жұмыстан кету себебін өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz

"Бүгін мен Мемлекет басшысына Денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтінішімді бердім. Өкінішке қарай, менде пневмониядан гөрі асқынған коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша емделулерді қажет етеді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта елдегі белең алған эпидемиялық жағдайдың күрделене түскеніне байланысты, министрлік деңгейінде және өңірлердің денсаулық сақтау саласында толыққанды бір басшының жетекшілік еткені дұрыс деп санаймын.

Біздің денсаулық сақтау жүйесі барша ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Бұл әрқайсымызға уақыт пен арнауды қажет етеді. Сондықтан барлық әріптестеріме денсаулық пен табанды күш-жігер тілеймін!

Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтауды дамытуға үлес қосатын жоғары сенім үшін алғыс айтамын!", дейді Елжан Біртанов өзінің Facebook  парақшасында.