• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2020

Ақмолада жол сапасына қатысты кемшіліктер анықталды

185 рет
көрсетілді

Биыл 39,9 млрд теңгеге 700 шақырым жол жөнделеді. Бірақ сапасы қалай болмақ? Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті "Сапалы жол" жобасы аясында тексерістер ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әзірге  5 тексеріс ұйымдастырылды. Тексеріс барысында 15 кемшілік анықталды.

Департамент сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларға қатысты да мониторинг жүргізуді қолға алған.  

"Әр бөлінген тиын-тебеннің қалай жұмсалып жатқанын бақылаймыз. Мүмкін білместіктен, кейде әдейі бір заттың бағасын көтеріп жатады. Бұл әрекеттерге тосқауыл қоямыз. Облыс бойынша жыл басынан 22 лот бойынша бағаның асыра сілтеуіне жол бермей, 45 млн теңге сомасында қаржыны үнемдеуге қол жеткіздік", дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин.

"Қоғамдық бақылау картасы" аясында бүгінде мемлекеттік қазына қаржысына бақылау күшейіп отыр.