Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", делінген хабарламада.