• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Маусым, 2020

Толық тізім жарияланды

203 рет
көрсетілді

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы 18 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылардың толық тізімін жариялады.

Бұған дейін жазғанымыздай бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңілістің кермек дәмін татпаған екі боксшымыз – Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Сонымен қатар тағы екі боксшымыз кәсіпқой бокстағы тыр­нақалды кездесуін өткізеді. Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасында Сағадат Рахманқұлмен (6-1-0, 4 КО), жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шайкен Берікбай Нұрымбетовпен (5-0, 1 KO) кездеседі.

Сондай-ақ бокс кешінде Сапарбай Айдаров (4-0-­0) пен Абай Төлеш (5-0-0), Нұржан Мақашбаев (0-0-2) пен Нұрдос Төлебай (2-0-0), Лунара Альхамова (дебют) мен Жансая Рахымберді (1-0-0), Талғат Бертілеуов (0-1-0) пен Рай Сейітжанов (2-0-0), Қанағат Қартбаев (1-0-0) пен Ақниет Қазиев (0-1-0), Қанат Саңғыл (дебют) мен Айдос Медет (3-0-0), Нұрслан Сабыров (дебют) пен Қанағат Манатұлы (1-0-0) және Бектас Қасенай (1-0-0) мен Заманбек Данабеков (1-0-0) сынға түседі.

Айта кетейік, бокс кеші көрермендердің қаты­суынсыз және барлық санитария талаптарын сақтай отырып өтеді. Жекпе-жектерді АҚШ-та ESPN+, Қазақ­станда QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.