• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Маусым, 2020

Қазақстан 11 елмен рейстерін қайта бастайды

1677 рет
көрсетілді

Қазақстан тұрақты рейстерін 11 елмен қайта бастайтыны туралы тізімді бекітті. Бұл туралы Көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

"Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия және Малайзия бірінші санаттағы елдер қатарына қосылды. Бірінші санаттағы елдерден келетін жолаушыларға ешқандай шектеулер жоқ. Бұған дейін бірінші санатқа Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд кірді", деді ол.

Ал екінші санаттағы елдерге Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Бұрын байланыс тек Түркиямен болған. Осы елдерден келетін жолаушыларда COVID-19 инфекциясы туралы теріс тест туралы анықтама болуы керек. Егер сертификат болмаса, 48 сағат ішінде ПТР талдауы немесе 14 күндік үйдегі карантинде болды анықтамасы болуы тиіс.

Үшінші санатқа бірінші және екінші санатқа кірмейтін елдер бар. "Бұл жерде рейстерге тыйым салынған. Үшінші санаттағы елдерден келетін эвакуация және чартерлік рейстер, егер сертификат болса, шектеулерден босатылады, егер сертификат болмаса, оларға ПТР зерттеу туралы хабарлама беріледі. Немесе 14 күнге карантинге жатқызылады", дейді бас санитар.