Пәкістан ұшқыштарының 30 пайызының лицензиясы жалған болып шыққан. Бұл туралы Азаматтық авиация министрі парламент отырысында айтты, - деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, көптеген ұшқыштар қажетті емтиханнан өтпеген, ал кейбіреулері ұшу тәжірибесіз жұмысқа орналасқан.
Айта кетейік, 22 мамыр күні Пәкістан халықаралық әуежелісінің ұшағы Карачи ауданында апатқа ұшырап, 97 адам қаза тапқан болатын.