• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Маусым, 2020

1368 теңізшінің жеке куәлігі берілді

374 рет
көрсетілді

2010 жылғы 12 наурыздағы Заңмен Қазақстан 2003 жылғы 19 маусымда Женевада қабылданған Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 жылғы Конвенцияны қайта қарайтын конвенцияны ратификациялады, деп жазады Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Конвенция экипаж мүшелері тарапынан қауіп-қатер болмауын және теңізде жүзудің терроризм актілерінен қауіпсіздігін тексеру мақсатында теңізшінің жеке басын сәйкестендіруге қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған.

 

Теңізшінің жеке куәлігі – халықаралық стандарттың міндетті құжаты. Онсыз экипаж мүшелері үшін шетелдерге жүзетін Қазақстан кемелерінде де, шетел кемелерінде де жұмыс істеу мүмкін емес. Тиісінше қазақстандық теңізшілерге теңіз кемелерінде жұмыс істеуге және шетелдік порттарда өз функцияларын жүзеге асыру үшін жағалауға баруға рұқсат етіледі.

 

Теңізшінің жеке куәлігін қазақстандық теңізшілерге беруді ұйымдастыру үшін 2014 жылы теңізшінің жеке куәліктерін ресімдеу, беру және бақылау ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ТЖК АЖ) құрылды.

 

2018 жылғы желтоқсанда "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңы талаптарына сәйкес бұл жүйе (ТЖК АЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

 

Куәлікті ресімдеу және беру кезінде теңізшінің жеке куәліктерін ресімдеу, беру және бақылаудың ақпараттық жүйесі ТЖК-де қамтылған оның биометриялық деректерін биометриялық шаблон (әрбір қолдың бір саусағының ізі) түрінде пайдалану есебінен ТЖК иесінің жеке басын верификациялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Саусақ іздерін алу арнайы Сканерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

 

Бұдан басқа, ТЖК АЖ теңізшінің берілген жеке куәліктерінің деректер базасы жүргізіледі.

 

2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 1368 ТЖК берілді. Олар туралы мәліметтер электрондық дерекқорға енгізілді.