• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Маусым, 2020

АҚШ Конгресі жаңа штат құру туралы ұсынысты қолдайды

552 рет
көрсетілді

Конгресс палатасының көптеген мүшесі АҚШ астанасы Вашингтонға жеке штат мәртебесін беру туралы заң жобасын қолдады. Бұл турады CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Конгресменнің 232-сі жобаны мақұлдаса, 180-ні қарсы шықты. Олардың ішінде Демократтар бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Ал Республикалық партияның өкілдері оған қарсы болды.

Әкімшілік тұрғыдан алғанда, Вашингтон қазіргі уақытта кез келген штаттың құрамына кірмейтін Колумбия округі болып саналады. Демократиялық партияның өкілі, заң жобасының авторы Элеонор Холмс Нортон жеке штат құрудың саяси және демографиялық астары бар деп мәлімдейді.