• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Маусым, 2020

АҚШ-та қол тазартқышын қолданғаннан кейін 3 адам көз жұмды

544 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәліметінше, АҚШ-тың Нью-Мексико штатында үш адам қол тазартқышын қолданғаннан кейін метанолмен уланудан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағы үш адамның жағдайы ауыр, екіншісі тіпті соқыр болып қалған.

Мемлекеттік денсаулық сақтау департаментінің қызметкері болған жайттың барлығы алкоголизммен байланысты екенін айтты. Қолды зарарсыздандырғыштың құрамында алкоголь мөлшері көп және жұтылған кезде уытты болу мүмкіндігін де атап өтті.

Бұған дейін Америка құрама штаттарының Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы тоғыз дезинфекциялық заттың Мексикадан өндірілгенін анықтаған еді. Сонан соң метанол сатып алуға тыйым салғаннан кейін, бұл жайт та көп ұзамай орын алды.