• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2013

Ливия премьер-министрінің ұрланғаны өтірік болып шықты

241 рет
көрсетілді

Бүгін Ливия астанасы Триполиде премьер-министр Али Зейданның ұрланғаны жөніндегі ақпар қате болып шықты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бұдан бұрын БАҚ өкілдері «Қаруланған белгісіз біреулер премьер-министрді штаб-пәтерінде отырған жерінен ұрлап әкетті» деген ақпар жариялаған болатын. Деректі дереу Ливия үкіметі де растады. Алайда, кейін анықталғанындай, мұның бәрі жергілікті ішкі істер министрлігінің жүргізген өзіндік шарасы болып шықты.

«Премьер-министрді ешкім ұрлаған жоқ», – деді Ливия ішкі істер министрлігі жанындағы қылмыспен күрес басқармасының өкілі Абдель Хаким аль-Булязи соңынан. Ол сондай-ақ үкімет басшысы Али Зейдан шынымен қамауға алынғанын айтты. Қамау басқарма бұйрығымен жүзеге асқан.

«Скай ньюс-Арабия» телеарнасының берген ақпарына қарағанда, Али Зейданға жемқорлық пен АҚШ арнайы жасағының болжам бойынша «Аль-Каида» тобы жетекшілерінің бірі Абу Анас аль-Либиді ұстауына қатысы бар деген айып тағылған. Осы айыптарға байланысты үкімет басшысы үстінен тергеу амалдары басталды.

Ливия үкіметі бұл оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізді.

Айдар Өрісбаев.