Теннистен 2020 жылғы Дэвис кубогінің финалы 2021 жылға ауыстырылды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Коронавирус пандемиясына байланысты Федерация кубогы мен Дэвис кубогының финалдық ойындары кейінге шегерілді. Федерация кубогының финалы биыл сәуірде, ал Дэвис кубогының финалы 2020 жылдың 23-29 сәуірде өтуі тиіс еді. Енді екеуі де 2021 жылдың 22 қарашасына ауыстырылды.
Дэвис кубогының финалына шыққан 18 команда финалист ретінде қалады. Сонымен қатар қыркүйекке жоспарланған әлемдік І топ пен ІІ топтың барлық 24 кездесуі де 2021 жылы өтетін болды.