• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2020

Жұқпалы аурудың ошағы көбейді

195 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайдың алғаш­қы кезеңінде карантиндік шектеу шаралары Петропавлда тиімділігін көрсетіп, науқасқа шалдыққандар саны қырықтан төмендеген еді. Қазір керісін­ше өрлеп тұр. Күніне 30-50 шамасында адам дертке шал­дығады.

Жұқпалы дертті ал­ғаш­қы ка­ран­тиндік шаралар аяқ­талған кезде шекараның ашылуымен Ресейден жерлес­теріміз әкелген болса, қазір республиканың ішін­дегі қозға­лыстардың нәти­жесінде де кө­бейіп жатыр. Ауру­­дың таралу ошақтары ха­лық көп жиналатын жерлерде.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, аудан орталықтары мен ауыл­дық жерлерде де ауру өршіп тұр. Алғашқы кезеңде мұндай жағдай мүлде байқалмаған еді. Соның кесірінен Айыртау, Ақжар, Ш.Уә­лиханов, Ғ.Мү­сірепов және Тайынша аудан­дары толығымен каран­тин­ге жабылып, блок-бе­кет­тер қойылды. Шал ақын ауда­­нын­дағы Жаңажол мен М.Жұ­мабаев ауданындағы Таман ауыл­дары да карантинге жабылды. Қа­зір облыстағы сырқатқа ұшы­рағандар саны 700-ден асты және бұл тоқтаусыз өсуде.

Солтүстік Қазақстан облы­сының тауарлар мен қыз­мет­тердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті­нің бастығы, бас санитарлық дәрі­гер Серікбай Қасмақасов пен Петропавл қаласы әкімінің орын­басары Асқар Хабибулин об­лыс пен қаладағы індетке қарсы күрес туралы баяндады. С.Қасмақасов демалыс күндері қаладағы барлық супер және гипермаркеттер жабылатынын ескертті. «Халықтың жұмыс пен дәріханаға және үйінің маңындағы азық-тү­лік дүкендеріне ғана баруы­на рұқсат етіледі. Барлық сау­­да ойын-сауық орындары, діни мекемелер, демалыс парк­тері, жағажайлар, биз­нес орталықтары, базарлар, қо­ғам­­дық моншалар мен сау­на­­лар жабылады, қоғамдық кө­лік­­тің жүруі тоқтатылады. Пә­тер иелері кооперативтерінің бас­шы­­ларына осы күндері аулаларды, балалар ойнайтын алаң­дарды, автотұрақтарды дезинфекциялау ұсынылады», деді ол. Сонымен бірге адам­дардың бір-бірінен қашық болуы, қол­дарын үнемі жуып оты­руы, ыстықтарын жиі өл­шеп тұруы сұралатынын жет­кізді. «Осы шектеулерді қат­ты сақтағанда ғана біз дерт­ті құрықтай алатын бола­мыз. Сондықтан біз­дің та­лаптарымызға түсініс­тік­пен қараңыздар», деді С.Қас­мақасов.

Қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин осы талаптарды орындамаған заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға айыппұл салынатынын жет­кізді. Қазірдің өзінде 16 мате­риал жиналып, іс сотқа өт­кізуге дайындалуда деді ол. «Жаттығу залдарына жасы­рынып барғысы келетін адам­дарға, отбасылық шараларды есіктерін жауып алып өт­кізгісі келетін дәмханалар мен мейрамханаларға да айып­­пұл салынатынын ес­кер­­­те­мін. Қа­зірдің өзінде 4 мей­­рамха­на­ның жұмысы тоқ­та­ты­лып, ли­цензиясын қай­тарып алдық. Осының бәрі ха­лықтың ден­саулығын сақтау үшін жасалып жатқан қатаң шаралар, сондықтан ондайларға тұр­ғын­дар түсіністікпен қарауы керек», деді А.Хабибулин.

Сонымен бірге дертті тара­ту ошақтары ХҚКО мен ба­ла­бақшалардан шыққаны да бел­гілі болған. Сондықтан ХҚКО онлайн режімде жұмыс іс­теуге көшірілген. Қаланың төрт балабақшасы карантинге жабылған. Бір дүкен, бір сұ­лу­­лық салонына айыппұл са­лынған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы