Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеуінше, COVID-19 1962 және 1995 жылдары аралығында туған 13 ер адамда, алты жастағы ұл балада, сондай-ақ 1942 және 1996 жылдары аралығында туған 21 әйел адамда анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Науқастардың 34-і - Павлодар қаласының, біреу - Екібастұз қаласының тұрғыны.
15 пациент бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен байланыста болғандықтан тексерістен өткен.
"Олардың дене қызуы көтеріліп, мұрынның бітуі, тамақтың қырылы, жөтел, әлсіздік белгілері анықталды. ПТР-зерттеу барлық жағдайда COVID-19-ды анықталғаннан кейін Павлодар және Екібастұз қалаларының инфекциялық стационарына жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты. Хаттамаға сәйкес ем тағайындалды", - дейді департаментте.
Байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалы мамандарының күшімен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Өңірде эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Бүгінгі күні, 29 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 709 жағдай тіркелген.