• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Премьер-министрді ұрлап әкетті

280 рет
көрсетілді

Кеше Ливия астанасы – Три­полиде алдымен «ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Ливия премьер-министрі Али Зейданды қамауға алды», деген хабар тарады. Мұны министрліктің жанындағы қылмыспен күрес басқармасы мәлім етті.

 

Кеше Ливия астанасы – Три­полиде алдымен «ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Ливия премьер-министрі Али Зейданды қамауға алды», деген хабар тарады. Мұны министрліктің жанындағы қылмыспен күрес басқармасы мәлім етті.

Бұдан бұрын БАҚ өкілдері «Қа­руланған белгісіз біреулер пре­мьер-министрді штаб-пәте­рінде отырған жерінен ұрлап әкетті» деген ақпар жариялаған болатын. Деректі дереу Ливия үкі­меті де растады. Алайда, кейін анықталғанындай, мұның бәрі жергілікті ішкі істер минис­тр­лігінің жүргізген өзіндік шарасы болып шықты.

«Премьер-министрді ешкім ұрлаған жоқ», – деді Ливия ішкі істер министрлігі жанындағы қылмыспен күрес басқармасының өкілі Абдель Хаким аль-Булязи соңынан. Ол сондай-ақ үкімет басшысы Али Зейдан шынымен қамауға алынғанын айтты. Қамау басқарма бұйрығымен жүзеге асқан.

«Скай ньюс-Арабия» теле­ар­насының берген ақпарына қара­ғанда, Али Зейданға жемқорлық пен АҚШ арнайы жасағының болжамы бойынша «Аль-Каида» тобы жетекшілерінің бірі Абу Анас аль-Либиге қатысы бар деген айып тағылған. Осы айыптарға байланыс­ты үкімет басшысы үстінен тергеу амалдары басталды.

Ливия үкіметі бұл оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізді.

Айдын АРЫС.

Соңғы жаңалықтар