• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2020

Павлодар облысында полицейлер өткен жылдардағы ұрлықты ашты

202 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Май ауданының полицейлері өткен жылдардағы ұрлықты ашты, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

2015 жылы аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы үш жылқының жоғалғаны туралы арызбен Май ауданының полиция бөліміне жүгінді. 2020 жылдың мамыр айында алыс жатқан мал жайылымының орындарын тауып алу кезінде полиция жәбірленушіге тиесілі жылқыны тауып алды. 

Полиция 2015 жылы күдікті ауданның дала аймағын мотоциклмен аралап жүргенде жылқылардың (бие мен екі құлын) қараусыз жайылып жатқанын көргенін анықтады. 

Ер адам еш ойланбастан жылқыларды ауылына айдаған. Келгеннен кейін ол екі құлынды сойып, етті сатып жібереді. Ал биені қалдыруды шешкен. Жылқы ұрланғанын жасыру үшін оған өз таңбасын салып, бұл жылқыны ауылдасының жылқыларына апарып қосады. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Іс сотқа жолданды. Жылқы заңды иесіне қайтарылады. Мұндай фактілердің алдын алу үшін полиция малды жайылымға қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ірі қара малды бақылаусыз жайылымдау – мал ұрлаушылар үшін оңай олжа. 

Міндетті түрде белгі қою өте маңызды. Сондай-ақ, мал төлқұжаттары болуы керек. Сонымен бірге шаруа қожалықтарының басшылары нысандарды түнде қорғауға, малшыларды бақылауға, нысандарды жарықпен жабдықтауға, бейнебақылау орнатуға назар аударуы керек.