Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт мерекесіне қызу дайындық жүргізу. Айт күндері мешіт аулаларына арнайы дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, мәселен, балуандар күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, тәлім мен тағылымы мол айтыс өнеріне де мән берілмек.

«Мұсылмандардың ұлық мерекесі әрі мемлекеттік мейрам – Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу үшін мешіттер мен арнайы орындарда баннерлер, плакаттар ілінсін; ұлағатты ұрпақ, иманды жастар буынын қалыптастыру үшін ғибратты кештер, мерекелік ойын-суықтар, арнайы қайырымдылық акциялар ұйымдастырылсын; құрбандық еті мүгедектер, қарттар, жетім мен жесірлерге, мұқтаж жандармен қатар жатақханада тұратын студенттерге де таратылсын; мерекелік іс-шаралар ұлттық нақышпен өткізілсін, уағыздарда ел бірлігі, мұсылмандар ынтымағы, діни тұрақтылық мәселелері қамтылсын», – делінген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аймақтағы өкіл имамдарға жолдаған бұйрық-хатында.
Биыл елімізде Құрбан айт мерекесі 15 қазанда аталып өтіледі.
«Егемен-ақпарат».