Дәстүрлі тай тәттілерін сататын бірнеше шағын отбасылық кәсіпорындар Бангкокта "коронавирус бәлішін" сатылымға шығарды. Бұл туралы Таиландтың TNN24 телеарнасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Тай тұрғындарына арналған бұл тәтті бәліш жартылай сфералық пішіндес және кокос сүтімен пісірілген екі қабатты күріш нанынан тұрады. Ал безендіруіне қуырылған асқабақ, картоп пен тапиок сабандарынан "тәжін" жасап, коронавирус үлгісінде әзірлеген.
Таиланд астанасының шетіндегі ескі аудандардың кәсіпкерлері өздерінің кондитерлерлік қиялымен нарықты жаулап алды. Сондай-ақ олардың дүңгіршектеріне аталған өнімді алу үшін, адамдар ұзын кезекке тұрады екен.