• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Жастар кәсіпкерлігіне қолдау

380 рет
көрсетілді

Нарық заманының талабына орай еңбек ету, жұмыссыздықтың алдын алу, әсіресе, жастардың жұмыспен қамтылуы басты мәселе. «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалының саяси менеджмент мектебінде ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мен кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Бизнес ойлар» жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өз кәсібін бастағалы отырған жастарға бизнес ашу жөнінде мағлұматтар беру. Жәрмеңкеге орай арнайы сараптамалық топ құрылды. Топтың құрамына «Даму» қорынан Жұмагүл Сә­дуақасова, кәсіпкерлік бөлі­мінің өкілі Маржан Ку­менова кірді. Сараптамалық топ­тың қорытындысы бойынша Ақтілек Байбазаровтың «Мұз тау» күртеше жасау жобасы таң­далды. Басқа қатысушылар «Даму» қорының 2013 жылғы 17 қазан күні болатын «Бизнес кеңесші» семинарына қатысуға шақырылды. Айта кету керек, осындай талапты жастарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры үнемі көмектесіп тұрады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар