• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Ауыл мен қала толы ала қарбыз

343 рет
көрсетілді

Ауылда қазір күзгі жиын-теріннің нағыз қызған шағы. Елордада күзде жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңке өтеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарына қарағанда, жәрмеңкеге облыстың 150-ге жуық ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен, өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары, серіктестіктері қатысты. Күзгі жәрмеңкеге шаруашылықтар 665 тонна азық-түлік, оның ішінде ет, сүт, сары май, күнбағыс майы, картоп, бал, қаймақ, құрт-ірімшік, қоспа, нан-тоқаш өнімдері, үйрек-қаз, көкөністің түр-түрін, Лебяжінің қарбыздарын алып барған болатын.

Картоп-қарбыз демекші, бұрынғы бір жылдары өңірге бұл өнімдер оңтүстіктен жеткізіліп тұрушы еді. Қазір облыс 320 мың тонна картопты жинап алуға әзір­ленуде. Лебяжі ауданының бір ғана «Қайрат» шаруашылығы гек­тарынан 200 центнерден қар­быз алуда. Сондықтан, өсірген өнімдері жыл сайын осылай аста-төк байлыққа кенелсін деген ниет­пен жақсы шаралар өткізіл­ді. Жұртшылық облыс орталығын­да алғаш рет «Павлодар картобы-2013» көрмесін, «Ле­бя­жі­лік қарбыз-2013» қарбыз фес­­ти­ва­лін қызықтады. Пав­ло­­дар­дан Қараөткел жаққа ба­ра­тын күзгі жәрмеңкенің ойын-сауық қор­жыны да ән мен күйге толы бол­ған-ды. Облыстың халық шы­ғар­­ма­шылығы ұжымдары мен қолөнершілері, ұлттық спорт май­талмандары да сапарға мық­ты дайындалды. Қайрат Шапу басқаратын «Қайрат» шаруа қожалығы гектарынан 200 цент­нерден қарбыз жинауда. Ша­руа­шылық 15 жыл бойы қар­быз өсіріп келеді. Қарбыз бұл біздің ауданның брендіне айналды. Лебяжінің қарбызы деген аты нарыққа енді, бүкіл облыс біледі, – дейді аудан әкімі Айзада Құрманова. Бұл әрі болашақ қарбыз өсіруші балалар үшін де қажет. Еңбек, пайда, табыс қайдан келетінін түсініп, көріп өседі.

Былтыр әр гектардан 115 цент­нерден өнім алса, биыл әр гек­та­ры­нан 250-300 центнер өнім алу­да. Шаруашылық қарбыздың 36 сор­тының 25 түрін өсіреді. Көр­­шілес Ресей ауылдарынан да сұ­ра­ныс түсуде. Биыл жалпы аума­ғы 500 гектар жерге қарбыз егіл­ді. Қазір өнім мол. Алқап толы ала қарбыз.

Қызыға қарайсың. Облыс ор­та­лығында тұратын қалалықтар да, өзге аудандар мен ауылдар да Лебя­жінің қарбыздарын сатып алуда.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы.

Соңғы жаңалықтар