Көктем шыға «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр жас механизатор Виталий Берганы шақыртып, саған мемлекеттік маңыздағы тапсырма беріледі дегені есімізде. Тапсырманың мәнісі – жүгері өсіру екен.

Көп жылдардан бері ұмыт бола бастаған кәсіпке қайта кірісу үлкен жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Жуырда Родинада болғанымызда Виталий бастаған топтың сенімді ақтағанына сүйсіндік. Кісі бойынан биік жүгері жайқалып тұр. Әр гектардан 230 центнерден сүрлем жиналуда. «Ягуар» комбайндарынан тұратын агрегаттарда кідіріс жоқ. Шаруашылықтың белді механизаторлары Александр Лещенко мен Василий Жуктің әрқайсысы күндік еңбек өнімділігін 2000 тоннадан кем түсірмеген.
Қазірдің өзінде шаруашылық қоймасына 50 мың тонна сүрлем жеткізіліпті. Мұның өзі жемшөптің екі жылдық қоры деген сөз. Бұл Астана тұрғындарына күніне 20 тонна сүт жеткізіп отырған родиналықтардың көрсеткішті еселей түсуіне қосымша мүмкіндік ашылатынын аңғартады.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.
Суретті түсірген
Жанат Түгелбай.