• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Табысқа жетелейтін кітаптар

1110 рет
көрсетілді

Кеше елордада Ұлттық баспасөз клубында Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының «Шабыт» жобасы аясында тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған әлемге әйгілі жазушы-тренерлер Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы» және Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Оған «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы» төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Мақсат Қожамбек қатысып, аталған кітаптар жайында БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді.

«Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы жастарды табыстылық жолына бастайтын әлемдік деңгейдегі кітаптарды қазақ тіліне аудару арқылы жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шабыт» жобасын бастаған-ды. Оның алғашқы бастамасы ретінде Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы» кітабы мен Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» атты танымал еңбектері түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып, қолдарыңызға тиіп отыр. Бұл кітапта Н.Хилл оқырмандарына жетістік құпиясын ашып, іс-әрекеттер жоспарын ұсынады. Кітаптың басты құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің өзектілігін жоймай, қазіргі қоғамда да табысқа жетуге бастайтын нұсқаушылардың бірі болып қалуында жатыр. Кітап жастарға табысқа жету үшін не істеу керектігін ғана емес, оған қалай жетуге болатындығын да үйретеді. Ал Б.Шефер өз кітабында қалың оқырманға кәсіп құру мен қолда барды сақтаудың, сонымен бірге, табысты еселеп өсірудің құпияларын ашады, дейді Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Мақсат Қожамбек. Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдеріне осындай игі бастамаларды насихаттауда біріге жұмыс жасауды ұсына келе, мұндай шаралар қауымдастық тарапынан, бұйыртса, әлі де өз жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Ендігі таңда жоғарыда аталған қос кітапты Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы жоғары оқу орындары мен ауыл кітапханаларына, сонымен қатар, жас кәсіпкерлерге таратуды жоспарлап отыр.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар