Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Facebook парақшасында жазды.
"Құрметті жерлестер!⠀Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды.⠀Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады.⠀Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын.⠀Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деп жазды қала әкімі.