• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Финляндияға сапар

413 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың Финляндияға сапары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың Финляндияға сапары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Аталған сапар 17-18 сәуірде Финляндияның Президенті Саули Ниинистёнің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында жеткізілген уағдаластық шеңберінде іске асырылды.

Сапар бағдарламасының ресми бөлігіне Білім және мәдениет, Әлеуметтік істер және денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктеріндегі, Финляндияның Парламентіндегі, Гендерлік теңдік бойынша кеңестегі келіссөздер кірді. Біздің елімізге деген ерекше құрмет белгісі ретінде Финляндия Президентінің жұбайы Йенни Хаукио ханым комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықованы қабылдады.

Бағдарламаның жеке бөлігі теңдік мәселелері бойынша Омбудсменмен кездесу және Үкіметтік емес фин әйелдер ұйымдарының коалициясына бару болды.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап әлеуметтік саясатты іске асырудың негізгі аспектілері мен гендерлік теңдікті сақтау, соның ішінде заңды қамтамасыз ету, Финляндиядағы отбасылық-демографиялық саясаттың практикалық аспектілері жөнінде хабардар етілді.

Комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова фин тарапына «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында еліміздің әлеуметтік саясатының өзекті аспектілері, сондай-ақ Қазақстандағы гендерлік теңдікті сақтау мен әйелдердің кәсіби өсуінің мүмкіндіктері жөнінде хабарлады.

Соңғы жаңалықтар