"Дәніккеннен – құныққан жаман" дегендей, бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасап, соттталған жігіт тағы да қамалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті маусымның 17-нен 18-не қараған түнде дәріхананы тонаған.
"Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы бойында орналасқан дәріханалардың бірінің терезесін ығыстыру арқылы кіріп, ASER маркалы ноутбукты, дәрі-дәрімектерді қолды еткен азамат анықталды. Күдікті бұрын бірнеше рет ұрлық қылмысымен сотталған. Қазір 1984 жылғы күдіктіұсталып, сотпен оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің188-бабының 3-бөлігімен (Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған ұрлық) жүргізілуде.