Биылғы 9 айда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, бұл уақыт аралығында шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артқан. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында байқалған.
Биылғы 9 айда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, бұл уақыт аралығында шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артқан. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында байқалған.
Елімізде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге бөлінді. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазір спорт кешендеріне сұраныс 1 млн. шаршы метр көлемнен асады.
Бүгін Алматыда Шығыс Қазақстанның бал және ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі басталады. Облыс күндері аясында өтетін шара үш күнге созылып, екі өңір кәсіпкерлерінің кездесуіне ұласады.
Кеше Қызылордада республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Қаланың 195 жылдығы мен «Қазгермұнай» БК» АҚ-тың 20 жылдығы құрметіне өткізілген жыр сайысының бас бәйгесін Дидар Қалиев жеңіп алып, 2 млн. теңгенің сыйлығына қол жеткізді.
Жамбыл облысында ондаған су электр стансалары салынады. Осы туралы мәлімдеген облыс әкімі Қанат Бозымбаев алғашқы мұндай нысанның таяу аралықта Меркі ауданы жерінде пайда болатынын хабарлады.
Ақтауда тағы бір сәулет композициясы қатарға қосылды. Маяк түрінде бой көтерген ол қала мен теңіз портының 50 жылдығына арналып жасалды. Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, порттың ардагерлері мен қызметкерлері, сонымен бірге, қала тұрғындары қатысты.
Республика кеденшілері 52 млн. теңгені құрайтын контрабандалық тауарды тоқтатты. Дерекке қарағанда, тұтыным тауарлары Түркиядан Қазақстан азаматының атына әкелініп, Жамбыл облысындағы кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағында ресімделген.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.