• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2020

Алматыда бірқатар көшеде жаңа веложолдар салынады

253 рет
көрсетілді

Алматыда бірқатар көшеде жаңа веложолдар салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"ММПМ" ЖШС таратқан ақпаратқа сәйкес мына көшелерде веложолдар пайда болады:

- Мұратбаев көшесің Мақатаев көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралығында;

-Қарасай батыр көшесінің Масанчи және Байұрсынов көшесіне дейінгі аралығында; 

-Бұхар Жырау көшесінің Байтұрсынов және Жароков көшесі аралығында;

-Манас көшесінің Шевченко мен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында; 

-Бөгенбай батыр көшесінің Қонаев пен Масанчи көшесіне дейінгі аралығында; 

-Масанчи көшесінің Бөгенбай батыр мен Абай даңғылының аралығында;

-Жароков көшесінің Бұхар Жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында жаңа веложолдар салынады.

Сондай-ақ атап өтілгендей, маусым айында жол белгілері мына көшелерде сызылады:

-Халиуллин, Тәтібеков көшелерінде; - Жангельдин көшесінің Райымбек даңғылынан Тəтібеков көшесіне дейінгі аралығында; - Сүйінбай көшесінің Райымбек даңғылы мен Хмельницкий көшесіне дейінгі аралығында; - Солтүстік айналма жолының Рысқұлов даңғылынан Москвин көшесіне дейінгі аралығы; -Уəлиханов көшесінде; - Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;

-Талғар тас жолының "Магнум" сауда үйінен Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында; - Момыш ұлы көшесінің Төле би көшесінен Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында. Москвин көшесі мен "Ялян" сауда орталығына дейінгі аралықта автобустарға арналған жолақ сызылды.