• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2020

Сарысуда тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салынуда

308 рет
көрсетілді

Жуырда ғана Жамбыл облысында тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салу жобасы бастау алған болатын. Өңірде осындай жолмен алғашқы үйдің құрылысы Байзақ ауданында басталған болса, қазіргі кезде бұл бастама Сарысу ауданында жалғасуда. Бұқл күнде сарысулықтар асарлатып баспана тұрғызып жатыр. Игі бастамаға ауыл тұрғындары да атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы, бүгінгі таңда аудан орталығы Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1807 азамат тізімде тұр екен.

Олардың ішінде 4 азамат жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында болса, 164 азамат көпбалалы отбасы санатында.

Сонымен қатар, 918 азамат әлеуметтік жағынан әлсіз топтағылар болса, 720 азамат бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында болып отыр. Сондай-ақ, 1 тұрғынның үйі апатты жағдайда есепте тұр екен. Жыл басынан бері 206 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелсе, түгендеу жұмыстары нәтижесінде 523 азамат кезектен шығарылған.

Бүгінгі таңда асарлатып баспана салу жобасымен ауыл тұрғындарын қамту көзделуде. Мәселен, ауданның Түркістан, Жаңаталап, Тоғызкент және Жайылма ауылдық округтерінде баспанасы жоқ отбасыларға осы тәсілмен тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жаңаталап ауылдық округі тұрғындары тарапынан қаржы жиналып, бір жалғызбасты анаға тұрғын үй салынуда. Ал, Тоғызкент ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары көпбалалы анаға өздерінің көмек қолдарын созып отыр. Қазіргі кезде аталған ауылдың жастары ұйымдасып, үйдің ішкі қабырғаларын сылау, еденіне бетон құю және жылыту жүйесін жасау жұмыстарын атқаруда. Сол сияқты Түркістан ауылдық округі бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасына сый ретінде үй іргетасын қалау жұмыстары басталып кетті. Ал, Жайылма ауылдық округі бойынша жалғызбасты анаға да осындай көмектер көрсетіледі.

 

Жамбыл облысы