• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Шілде, 2020

Қазақстан мен әлемдегі финтехтің дамуы

279 рет
көрсетілді

Елімізде онлайн-форматта Astana Finance Days конференциясы өтуде. Онда талқылаудың басты тақырыбы — өзгермелі әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, өмірімізге қалай әсер ететінін және қандай технологиялар көп ұзамай әлемнің ажырамас бөлігі бола алатынын талқылауда. Атап айтқанда, жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, ислам қаржысы, сондай-ақ адами капиталды дамыту секілді бағыттарға назар аударылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz 

Сарапшылардың пікірінше, коронавирус бүкіл әлемдегі компаниялардың жоспарларына елеулі түзетулер енгізді. Елдер үкіметтерінің енгізген шаралары компаниялардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтатуға алып келді. Осы тұрғыда қаржы технологиясы секторының компанияларында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Осылайша, Tech Nation amd Dealroom есебіне сәйкес, финтех коронавирустық дағдарыс кезінде тұрақтылық көрсетті, ал 2020 жылы Лондонның технологиялық компаниялары барлық венчурлік инвестицияның 39%-ын құрады. deVere Group консалтингтік компаниясы жүргізген басқа зерттеу пандемия аясында Еуропа тұрғындары финтех-қосымшаларды 72%-ға жиі пайдалана бастағанын хабарлайды.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы жағдай да осы шамалас. Осылайша Қазақстанда банктер мен басқа да кредиттік ұйымдардың уақытша жабылуына байланысты қаржы институттары өздерінің цифрлық сервистерін дамыта бастады. Мысалы, карантин аясында алғаш рет карточкалық шоттарды қашықтан ашу қызметі пайда болды. Сәуір айының соңына қарай 1 млн-нан астам адам карточкалық шоттарды ашуға онлайн өтінім беріп, 700 мыңға жуық адам үйге жеткізумен карта алған.

Финтехтың дамуы және банктерге бармай-ақ алуға болатын жаңа қызметтер тренді одан әрі дами береді, деп есептейді сарапшылар.