• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Алматыны дамытудың маңызы зор

330 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ал­маты қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімовті қа­был­­дады, деп хабарлады­ Президенттің баспасөз қызметі.

А.Есімов Алматының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақ­стан Президенті қала инфра­құрылымын жетілдіру жөніндегі қызметті жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ал­маты қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімовті қа­был­­дады, деп хабарлады­ Президенттің баспасөз қызметі.

А.Есімов Алматының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақ­стан Президенті қала инфра­құрылымын жетілдіру жөніндегі қызметті жалғастыру қажеттігін атап өтті.

– Қала экологиялық ахуалды жақсарту, қоғамдық көлікті газға көшіру, жолдарды жөндеу, көлік жолайрықтары құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, мен Алматы төңірегінде айналма жолдар салуды тапсырдым. Мұның бәрі халықтың тұрмысы мен қала экономикасын жақсартуға септігін тигізеді. Алматы еліміздің өңірлері арасында алда келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Алматыда қала экономикасының негізгі саласының бірі болуға тиіс туризм индустриясын дамытуға баса назар аударды.  

– Менің тапсырмам бойынша туризмді дамыту жөнінде біраз жұмыс жүргізілуде, соның ішінде Алматы тауларының әлеуетін пайдаланып, шаңғы спортын дамыту маңызды орын алады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті Вело­си­педшілердің халықаралық одағы бастамасымен жақында болып өткен бірінші велосипедшілер жарысының Алматының ха­лық­аралық таныстырылымы үшін маңызы зор болғанын атап өтті. Сон­дай-ақ, қазіргі кезде 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы универсиада өткізуге дайындық жасалуда.  

– Біз 2022 жылы Алматыда Қысқы Олимпия ойындарын өткізу үшін өтініш бердік. Мұндай маңызды жарысты өткізу қалада спортты дамытуға оң әсер етіп, Алматы арқылы күллі әлемнің еліміз туралы көбірек білуіне мүмкіндік беруге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесуде А.Есімов 9 айдың қорытындысы бойынша қала тіршілігінің барлық саласында оң қарқын бар екенін мәлімдеді.

– Өткен жылдар ішінде бар­лы­ғы 40 білім беру нысаны, 18 ден­саулық сақтау нысаны салынды, 1000 шақырымнан астам жол­ға жөндеу жұмысы жүргізілді, жаңадан 214 шақырымдық жол салынды. Спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу үшін пайдаланылатын спорт нысандары да қайта жөнделді, – деді Алматы қаласының әкімі.

А.Есімов Мемлекет басшысы­ның тапсырмасына сәйкес Алматыны ірі туристік орталық ретінде дамыту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

– Біз Бүкіләлемдік туристік орталық басшылығымен кеңес өткіздік. Бізге әлемнің барлық елінен қысқы спорт түрлері бойынша мамандар келді, пайдалы келіссөздер өтті және олардың қолдауымен бірқатар іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деді Алматы қаласының әкімі.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Алматының инфрақұрылымын одан әрі дамыту және қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар