• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елбасы 02 Шілде, 2020

Елбасы коронавирустан жазылып шықты

703 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

"Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", - деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, 18 маусымда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланған болатын.