Жамбыл облысында ішімдікке сылқия тойған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірді. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Ерлі-зайыптылар Талас ауданы Ақкөл ауылындағы тойға барған екен. Қонақтан үйге келгеннен кейін екеуі жанжалдасады. Күйеуі әйелін қатты қызғанса керек. Ауыр соққыдан 24 жасар келіншек жатқан орнынан тұра алмай қалған. Ал маскүнем ұстаз әйелінің бақилық болғанын ертеңіне біліпті. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақытбек Кенешұлы.