• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2020

70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен

354 рет
көрсетілді

Медициналық ресурстардың жетіспеушілігі туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп жазады Egemen.kz

"Қазір мына әртүрлі әлеуметтік желілерде нешетүрлі емдеу жолдарын көріп алып, осыған байланысты дәр-дәрмек сұрап жатқан азаматтар аз емес. Бірақ та емдеу жолдарын ауру нақты анықталғаннан кейін емделу жолын тек қана дәрігер анықтауы мүмкін", деді Ералы Тоғжанов.Оның айтуынша, 70 мыңға жуық дәрі-дәрмекті жарты сағаттың ішінде алып кеткен жағдай да болды. Сондықтан құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді."Сондықтан бүкіл азаматтардан сұрайтынымыз, кейбір азаматтар бұндайды сауда-саттыққа айналдырғысы келетіндер де жоқ емес. Осындай жағдай белгілі болғанда, бізге тез арада ақпарат беруді өтінеміз", деді Е. Тоғжанов.