24 маусымда Нигер елінің оңтүстік-батысында ұрланған "Сахельге әрекет ету және әсер ету бағдарламасы" үкіметтік емес ұйымының (APIS) он қызметкері босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аталған деректі Тиллабери Тиджани аймағының губернаторы Ибрагим Катиелла (Tidjani Ibrahim Katiella) ресми жариялан еді.
Маусым айының соңында "Сахельге әрекет ету және әсер ету бағдарламасы" (APIS) үкіметтік емес ұйымының кем дегенде он гуманитарлық қызметкерін Буркин-Фасо маңында, яғни Нигер елінің оңтүстік-батысындағы ауылда азық-түлік тарату кезінде ұрланған. Сонымен қатар ұрлаушылар ұйымға тиесілі жол талғамайтын екі көлікті де алып кеткен.