Бүгін Жапонияның Фукуока префектурасындағы ауруханада өрт шығып, сегіз науқас пен екі қызметкер қаза тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Құқық қорғау органдарының дерегі бойынша, өрт мекеменің бірінші қабатында тұтанған, оның себебі әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс жасауда.
Жергілікті өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері бұл ғимараттың биылғы жылдың жаз айында толық тексеруден өткенін мәлімдеді. «Тексеру кезінде өрт қауіпсіздік ережесінің бұзылуы байқалған жоқ», – деді басқарма өкілі.
Айдар Өрісбаев.