Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының судьясы өзін аңшы мылтығымен атып өлтірді. Бұл туралы Meta.kzхабарлады.
Өз-өзін өлтірген судьяның жасы-64-те. Қазір оның өліміне себеп болған жайды құқық қорғау қызметкерлері анықтау үстінде. Алайда, осы оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Балғашұқова былай деді: «Аудандық соттың судьясы қатерлі ісікпен сырқаттанған болатын. Өзін жайсыз сезінгесін, күйзеліске шалынуы да мүмкін. Бірақ, нақты тұжырым жасауға әлі ертерек. Біз оның өліміне қатысты деректі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін айтатын боламыз».
Бүгін оның қатысуымен сот отырысын өткізу беліленген екен. Енді кейінгі шегерілген істі басқа судья қарайтын болып ұйғарылды.
Бақытбек Кенешұлы.